02 қазан 2024
АО «НК «Қазақстан темір жолы» локомотив паркі БОРТ локомотивтік қозғалыс қауіпсіздігі жүйесімен жарақтандырылған жаңа тепловоздармен толықтырылуда

АО «НК «Қазақстан темір жолы» локомотив паркі БОРТ локомотивтік қозғалыс қауіпсіздігі жүйесімен жарақтандырылған жаңа тепловоздармен толықтырылуда
Алматы-Сарыөзек учаскесінде 2024 жылғы 2 қазанда №0051 ТЭП33А тепловозында БОРТ жүйесіне кіріктірілген Автожүргізу режимінде бақылаулы жол жүру өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қозғалыс қауіпсіздігі жүйесін әзірлеуші «Транстелесофт» компаниясының мамандарының локомотив бригадаларынан кері байланыс алу үшін БОРТ жүйесінің жұмысын тексеруі болды. Автожүргізу жүйесінің ақпаратын БОРТ сенсорлық СКД мониторында бейнелеуді біріктіру шешімі кабинадан УСАВП мониторларының бірін алып тастауға мүмкіндік берді, бұл машинистке түсетін психофизиологиялық жүктемені азайтты және локомотив бригадаларының оң пікірлеріне ие болды.