09 желтоқсан 2021
Бішкек: «Қырғыз темир жолу» локомотивтерінде қолдануға арналған «Борт»
Алматыда өткен Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік пен цифрландыру жөніндегі Еуразиялық форумда айтылған идеяларды дамыта отырып, «Транстелесофт» компаниясы Бішкекте өз әзірлемелерінің таныстырылымын ұйымдастырды.
«Транстелесофт» ЖШҚ өкілдерінің «Қырғыз темир жолу» ұлттық компаниясы» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Азамат Сакиевпен кездесулері барысында, сондай-ақ кәсіпорын басшылығымен дөңгелек үстелдер мен локомотив депосында жолаушылар ағынын автоматтандырылған есептеу, оқиғаларды бейнетіркеу және пойызішілік байланыс технологиялары көрсетілді.

Кездесулерде компания басшылары Евгений Белоусов пен Дмитрий Волковский, сондай-ақ теміржол кәсіпорнының өкілдері сөз сөйледі.
Басты нәтиже — «БОРТ» локомотив қауіпсіздігі жүйесінің таныстырылымы болды, оны жиналыс «Қырғыз темир жолу» ҰК» мемлекеттік кәсіпорны басшылығына локомотивтердегі перспективалы қауіпсіздік жүйесі ретінде қарауға ұсынды.