← Жаңалықтар

29 қараша 2021

Алматыда теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі талқыланды

2021 жылғы 25-26 қарашада Алматы қаласындағы Логистика және көлік академиясында «Логистика, көлік және білім берудегі инновациялық технологиялар» атты Халықаралық конгресс өтті, оның аясында Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік пен цифрландыру жөніндегі Еуразиялық форум ұйымдастырылды.

Іс-шараны АО «ҚТЖ» ҰК, АО «Транстелеком» және Логистика және көлік академиясы ұйымдастырды. Конструктивті диалог алаңына Орталық Азия мен ТМД елдерінің мемлекеттік органдарының, теміржол әкімшілігінің, ғылыми және сарапшылар қоғамдастығының, білім беру және жобалау ұйымдарының өкілдері жиналды.

Қатысушылар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған процестерді цифрландыру және автоматтандыру мәселелерін, тасымалдау кезіндегі апаттылықты азайту шараларын талқылады.

«ҚТЖ» ҰК АҚ қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі директоры Марат Шакеновтың айтуынша, инфрақұрылым нысандарында цифрлық дамуды және инновацияларды енгізу теміржол көлігіндегі қауіпсіздік бұзушылықтары қаупін азайтуға ықпал етеді.

Қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін себептер қатарында бөгде адамдарды басып кету, теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары, жолға заттардың түсуі, қолайсыз ауа-райы жағдайлары аталды.

Қонақтар мен форум қатысушыларының ерекше назарын «Транстелесофт» компаниясының «БОРТ» локомотив қауіпсіздігі жүйесі аударды. Жүйе әртүрлі автоматты сигнализация құрылғылары бар теміржол учаскелерінде жылжымалы құрамның барлық түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Цифрлық платформа автожүргізу, бейнетіркеу және үйлестіру функцияларын біріктіреді.

«Транстелесофт» ЖШҚ бас директоры Евгений Белоусовтың баяндамасында Қазақстанда іске асырылған шешімдердің артықшылықтары және оларды ТМД елдерінің теміржолдарында қолдану перспективалары ұсынылды.

Жалпы «ҚТЖ» ҰК АҚ жұмыс істеген жылдары қауіпсіздік көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады. Жыл басынан бері компания бойынша бұзушылықтардың жалпы саны 17,5 пайызға азайтылды — бұған қауіпсіздікті басқару жүйелерін автоматтандыру және тәуекелге бағытталған тәсіл арқасында қол жеткізілді.